Ердоғанның басты оппоненті ұсталып, түрік лирасының құны рекордтық деңгейге дейін құлдырады
© Сурет: pxhere
АҚШ долларына шақққанда түрік лирасының құны ең төменгі рекордтық деңгейге дейін құлдырады. Бұл құлдырау Ыстамбұл мэрі, оппозиция көшбасшысы Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК мәліметтері бойынша, сәрсенбіде Forex халықаралық нарығында түрік ақшасына шаққанда 1 АҚШ доллары 11,99%-ға қымбаттап, 41,1 лира болды. Осылайша Түркия тарихында америкалық валюта бағамы алғаш рет 40 лирадан асқан.
Bloomberg мәліметінше, түрік лирасы мен акцияларының бағасы Ыстамбұл мэрі, президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін күрт төмендеді.
"Borsa Istanbul 100 базалық индексі қордың ашылу кезінде 6,9%-ға төмендеді, бұл сауда-саттықтың тоқтап қалуына әкеліп соқты, ал 10 жылдық тәуелсіз облигациялар құны құлдырап, кірістілік 29,94%-ға, яғни 175 базистік тармаққа өсті", делінген басылымда.
Әдетте, саяси оқиғалар түрік акцияларына қысым жасайтыны айтылады, өйткені елдің қор нарығында негізінен құбылмалылық кезеңдерінде белсенді әрекет ететін ішкі инвесторлар басым. Түрік бағалы қағаздар депозитарийінің веб-сайтындағы мәліметтерге сәйкес, жергілікті инвесторлар түрік акцияларының шамамен 62,5%-ына ие.
"Саяси оқиғалар әлемдік инвесторларды да абдыратып тастады, олар, негізінен, Түркияға оң көзқараспен қарайтын, экономикалық тұрғыда тәуелсіз әрі АҚШ-пен сауда-саттықтағы шиеленістерден оқшау деп пайымдайтын", - деп жазады басылым.
Айта кетсек, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу мен оның БАҚ-пен байланысты кеңесшісі Мұрат Онгун бүгін арнайы операция барысында ұсталып, сотқа жеткізілді. Іс бойынша сотқа барлығы 100 күдікті тартылған. Осыдан кейін ел ішінде әлеуметтік желілердің жұмысы шектелді. Сонымен қатар, мэрдің ұсталуына байланысты Ыстамбұлда 23 наурызға дейін демонстрациялар мен митингілер өткізуге тыйым салынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 20 наурыз 2025
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған
-
22:42, 20 наурыз 2025
Ақтөбе облысында учаскелік полицей су ортасында қалып кеткен үй жануарларын құтқарды
-
22:31, 20 наурыз 2025
«Қар, жаңбыр, су басу қаупі». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:31, 20 наурыз 2025
«Қар, жаңбыр, су басу». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:44, 20 наурыз 2025
Зимбабвенің спорт министрі Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болды
Танымал жаңалықтар
-
11:36, 20 наурыз 2025
-
11:57, 20 наурыз 2025
-
14:19, 20 наурыз 2025
-
11:49, 20 наурыз 2025
-
13:39, 20 наурыз 2025
-
12:09, 20 наурыз 2025
-
11:16, 20 наурыз 2025
-
10:43, 20 наурыз 2025
-
10:20, 20 наурыз 2025
-
12:40, 20 наурыз 2025
-
14:07, 20 наурыз 2025
-
16:00, 20 наурыз 2025
-
13:24, 20 наурыз 2025
-
18:52, 20 наурыз 2025
-
11:29, 20 наурыз 2025