Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: akorda.kz
Израиль президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.
Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.
Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 18 наурыз 2026
Доллар бағамы өсім көрсетті
-
15:45, 18 наурыз 2026
Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызға шақырылды
-
15:36, 18 наурыз 2026
Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді
-
15:30, 18 наурыз 2026
Қазақстандық дәрігерлер Рыбакинаға күтпеген сый жасады
-
15:21, 18 наурыз 2026
ШҚО-да мекеме аумағына Wi-Fi роутер мен есірткі лақтырмақ болған азамат ұсталды





