Атырау облысында отбасының өлімі: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады

20:35, 17 наурыз 2026

© Сурет: YouTube/mvdkontent

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Атырау облысы Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу екі бап бойынша: "Кісі өлтіру" (ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі) және "Мүлікті ұрлау" (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі) жүргізіліп жатыр. Іс Атырау облысы полиция департаментінің өндірісінде.

"Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, оған қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", – деп хабарлады 2026 жылғы 17 наурызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы туралы туыстары полицияға тек екі айдан кейін хабарлаған. Ресми іздестіру шаралары 2025 жылғы 25 желтоқсанда басталды. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптының денесі Жангелдин ауылындағы өз сарайынан табылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиевке хлықаралық іздеуге жарияланды. 13 қаңтарда күдіктімен бірге оның жұбайы – қаза тапқан отбасының кенже қызы, 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева да іздеу салынды. Әйелдің іс бойынша хабар-ошарсыз кеткен тұлға ретінде қарастырылып отырғаны нақтыланды.

24 ақпанда ІІМ өкілдері Индонезияда Атырау облысындағы отбасы өліміне күдікті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді. Ал 25 ақпанда қаза тапқандардың қызы да күдікті деп танылғаны белгілі болды.

9 наурызда Индонезия аумағында ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Тергеу барысында Сәрсемәлиев қаза тапқан ерлі-зайыптының балалары – Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындады. Балалардың денесі Атырау маңындағы Геолог ықшамауданында, күдікті жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!