Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті
© Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады.
Жеке тінту барысында одан қара изолентамен оралған, ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған 15 зип-пакет табылып, тәркіленді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті мессенджер арқылы есірткі жасырылған орындардың координаттарын алып отырған.
Одан кейін ол Алматы және Тараз қалалары аумағында есірткі таратумен айналысып, жасырын орындардың координаттарын белгілеп, фотоесептерді өзінің жетекшісіне жіберіп отырған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат Альфа-PVP психотроптық заты болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 18 наурыз 2026
ШҚО-да мекеме аумағына Wi-Fi роутер мен есірткі лақтырмақ болған азамат ұсталды
-
15:18, 18 наурыз 2026
София Самоделкина әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларды анықтайтын дауыс беруге қатысуда
-
15:10, 18 наурыз 2026
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер енгізіледі
-
15:03, 18 наурыз 2026
Депутат мемлекеттік қызметшілерге жұма күні демалыс беруді ұсынды
-
14:58, 18 наурыз 2026
Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздады





