Ел президенті ретінде Конституция ережелерінің мүлтіксіз орындалуы үшін бар күш-жігерімді саламын – Тоқаев
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Ата заңды қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған тарихи қадам. Бұл – қоғамның кемелденіп, дұрыс пен бұрысты айыра алатын деңгейге жеткенінің белгісі.
Президент жаңа Конституция ел тәуелсіздігін нығайтып, мемлекеттіліктің берік тірегіне айналатынын жеткізді. Оның әрбір нормасы мен қағидаты Қазақстанның егемендігін күшейтуге қызмет етеді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әділдік қағидаты негізгі құжаттың өзегіне айналғанын атап өтті. Оның сөзінше, жаңа Ата заңды "Әділетті Қазақстанның төлқұжаты" деп атауға толық негіз бар.
Мемлекет басшысы Конституция кепілі ретінде оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді.
"Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін", – деді Президент.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өсіп-өркендеуіне тілектестік білдіріп, Қазақстанның мәңгі жасай беруіне сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:29, 17 наурыз 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді
-
16:18, 17 наурыз 2026
Қазақстанда «ақылды-қалалар» мен «ақылды-өңірлерді» құру: әдістеме бекітілді
-
16:11, 17 наурыз 2026
Қақтығыс сәтінде Дубайдағы пәтерлер арзандауда: шындық па, жалған ба
-
16:06, 17 наурыз 2026
Қазақстанда жеке деректерді жинау және өңдеу ережелері өзгерді
-
15:52, 17 наурыз 2026
Қазақстан қор биржасы: доллар бағамы 7 теңгеге арзандады





