Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды
© Сурет: telegram/qazavtojol
Республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы сервистік нысандардың жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданып жатыр. Соның бірі – Астана – Щучинск тасжолында болған жағдайдан кейін облыстық филиал директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 8 наурызда аталған трассаның 29-шақырымында орналасқан санитариялық-гигиеналық торап уақытша жабық болған. Осы жайт бойынша қызметтік тексеру жүргізілген.
"Тексеру нәтижесінде қатаң тәртіптік шаралар қабылданып, сервистік компанияның өңірлік филиалының басшысы қызметінен алынды. Сонымен қатар, ұлттық компанияның филиалы мен орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері жауапкершілікке тартылды". "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы
Қазіргі таңда еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар бойында 176 модульдік жылы санитариялық-гигиеналық торап орнатылған. Оларды пайдалануға беру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Нысандарда іске қосу-реттеу жұмыстары мен инженерлік желілерге қосу процестері аяқталуға жақын.
Биыл жол инфрақұрылымын дамыту аясында 10 өңірде тағы 13 жаңа санитариялық торап салу жоспарланған. Оның сегізі ұлттық компанияның өз қаражаты есебінен, ал бесеуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ жол пайдаланушыларымен кері байланысты күшейту үшін барлық санитариялық тораптарда QR-кодтар орнатылған. Олар арқылы азаматтар "1403" байланыс орталығына немесе WhatsApp арқылы диспетчерлік қызметке тікелей хабарласа алады.
Ұлттық компания өкілдері жол бойы сервистік нысандардың санитариялық жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Қабылданған шаралар қызмет сапасын арттыру мен нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:35, 17 наурыз 2026
Атырау облысында отбасының өлімі: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады
-
20:14, 17 наурыз 2026
Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:51, 17 наурыз 2026
Ақтаулық әйел терезеден құлап кетті
-
19:38, 17 наурыз 2026
Атбасар колониясындағы азаптау бойынша іс қайта қаралатын болды
-
19:30, 17 наурыз 2026
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді





