Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады – Мемлекет басшысы
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы кезеңде елді ауқымды жаңғырту жұмыстары күтіп тұрғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси жағдайдың күрделі екенін атап өтіп, бұл жолдың оңай болмайтынын жеткізді. Соған қарамастан, ел дамуы үшін бірлік пен жауапкершілік қажет екенін айтты.
"Жолдың қиындығына қарамай, алға қадам басуымыз керек. Ол үшін ұлтымыз ауызбіршілік танытып, жауапты әрі жасампаз патриотизмнің, терең білім мен кәсібиліктің үлгісін көрсетуі қажет", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлық Ата заң нормаларын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада Парламент қарауына бірқатар маңызды құжаттар енгізіледі.
Атап айтқанда, Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы бес жаңа конституциялық заң әзірленбек. Сонымен қатар сегіз конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүретінін айтты. Сайлауды жаңа парламенттік сессия ашылғанға дейін өткізу көзделіп отыр. Осы уақытқа дейін қажетті заңнамалық база толық әзірленуі тиіс.
Президенттің сөзінше, елді құқықтық және саяси тұрғыдан жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да жалғасуы мүмкін.
Сондай-ақ ол билік институттарын реформалау, жаңа құрылымдар қалыптастыру және олардың кадрлық құрамын жаңарту міндеті тұрғанын жеткізді.
"Конституцияның жаңа қағидаттары құқықтық, экономикалық және қоғамдық-саяси өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:29, 17 наурыз 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді
-
16:18, 17 наурыз 2026
Қазақстанда «ақылды-қалалар» мен «ақылды-өңірлерді» құру: әдістеме бекітілді
-
16:11, 17 наурыз 2026
Қақтығыс сәтінде Дубайдағы пәтерлер арзандауда: шындық па, жалған ба
-
16:06, 17 наурыз 2026
Қазақстанда жеке деректерді жинау және өңдеу ережелері өзгерді
-
15:52, 17 наурыз 2026
Қазақстан қор биржасы: доллар бағамы 7 теңгеге арзандады





