Енді Еуропалық құрамдас бөлікті ұлғайту қажет - Беларусьтің ШЫҰ-ға мүше болуы жайлы сарапшы пікірі

16:05, 4 шілде 2024

© Сурет: akorda.kz

Ресейлік тарихшы-саясаттанушы Сергей Станкевич Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің аясында Беларусьтің ШЫҰ-ға кіруі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшы Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға кіруін сенсация деп санамайды.


"Беларусь екі жыл бойы ұйымда бақылаушы мәртебесінде болды, осы қадамға дайындалды және бүгін өзінің толық мүшелігін рәсімдеді. Беларусьтің ерекшелігі неде? Ол Еуропа елдерінің бөлігінде болуы. Әзірге ШЫҰ-да Азия елдері үстемдік етуде. Дегенмен ұйым тек Азия үшін ғана емес, жалпы Еуразия үшін құрылған. Сондықтан енді Еуропалық құрамдас бөлікті де ұлғайту қажет. Беларусь Республикасы осы бастамада алғашқы болды", - деді Сергей Станкевич.

Бұған дейін сарапшы Данияр Әшімбаев Беларусьтің ШЫҰ-ға мүше болуы нені білдіретіндігін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!