ӘМСҚ басшылығы жаңадан құрылды: қордағы негізгі қызметтерге кімдер келді
© Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-да жаңа кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 30 қаңтарда қордың сайтынан белгілі болды.
"Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі
Ол медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар, акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург дәрігері, бөлім басшысы болған. Аталған ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдан қазірге дейін Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.
"Сондай-ақ, Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды",- делінген ресми ақпаратта.

Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі
Бүгінге дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаментінің директоры болды.
Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің құзыретіне берілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 30 қаңтар 2026
Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды
-
14:17, 30 қаңтар 2026
Өскемен қаласын қою түтін басып тұр
-
14:08, 30 қаңтар 2026
Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылуда
-
13:55, 30 қаңтар 2026
ХҚКО-ға бармай-ақ жеке куәлік рәсімдеу: нені білу керек
-
13:47, 30 қаңтар 2026
Қарағандыда көлікті айдап әкеткен күдікті алғашқы қиылыста ұсталды





