Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды
© Сурет: pixabay
Жаңаөзен қаласында көпбалалы әке өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілердегі деректерге қарағанда, 43 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірген. Марқұмның артында жеті баласы қалған.
Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиға 29 қаңтарда болды.
"Пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қайтыс болды. Күдікті – қаза болған әйелдің жұбайы – ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға отбасылық жанжал негізінде болған.
Қазіргі уақытта полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеруге бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметі.
Бұған дейін 28 қаңтарда Жаңаөзенде медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерді өлтіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 30 қаңтар 2026
Алматыда полиция дүкендегі қарақшылық шабуылды әшкереледі
-
15:57, 30 қаңтар 2026
Алматыда полицейлер кейбір тұрғындарға ерекше талап қойды
-
15:40, 30 қаңтар 2026
Доллар 30 қаңтардағы саудада тағы арзандады
-
15:29, 30 қаңтар 2026
Ақмола облысында тұрғыннан бес келіден астам марихуана тәркіленді
-
15:14, 30 қаңтар 2026
Қазақстандықтардың 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды





