Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде ширек финалға дейін жетті

18:13, 10 шілде 2025

© Сурет: olympic.kz

Жақында спорттық құзға өрмелеуден Краков (Польша) қаласында Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан жеті спортшы қатысты.

Жылдамдық санатында өнер көрсеткен Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде үшінші нәтиже көрсетті. Ал жарыстың негізгі бөлімінде отандасымыз ширек финалға дейін жетті.

Сонымен қатар Ришат Хайбуллин мен Бекнұр Алтынбеков іріктеу кезеңінен өткен болатын. Алайда қос спортшы да негізгі бөлімде жарыс жолынан шығып қалды.

Әлем кубогы кезеңінде бірінші орынды индонезиялық спортшы Рахарджати Нурсамса иеленді. Киромал Катибин (Индонезия) екінші орынға жайғасса, жапониялық Ре Омасо үздік үштікті түйіндеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!