Елордадағы жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы оңалды
© Фото: freepik
Астана жедесатысында беті тілгіленген бес жасар баланың жағдайы оңалып, дәрігерлер ертең оны ауруханадан шығармақшы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 17 ақпанда "КТК" телеарнасы жазды.
Өздігімен жүріп-тұратын халге жеткен балақайдың бүгінде жағдайы тұрақты, бар ойы тезірек үйіне оралу екен. Астана №2 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғмановтың айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы.
"Жағдайы жақсы. Шағымы жоқ. Жарасының тігісі жартылай алынды. Қабынбаған. Баланы ертең үйіне шығарамыз",- деді дәрігер.
Айта кетсек, қайғылы оқиға өткен аптада елорданың тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған. Баласын қаннен қаперсіз нанға жіберген анасы, бір мезетте перзентінен айрылып қала жаздады. Қанжоса боп үйіне оралған 5 жасар Батыр тек «Анашым өліп барамын» деумен болыпты. Мойны мен бетінен қан сорғалағанын көрген анасы жүрегі аузына тығылып бірден көршісінің үйіне қарай ұмтылады. Алғашқы көмекті қабырғалас көршісі хирург көрсеткен. Ал балаға пышақ сілтеп, бетін тілгілеген 14 жастағы күдіктінің бар озбырлығы лифтінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бейресми деректерге қарағанда, жасөспірімнің психикалық ауытқуы бар көрінеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





