Елордада жас жігіт жұмыс орнынан ойын приставкасын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
© Сурет: Zakon.kz
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын "ізін суытпай" анықтады.
Тергеу барысында жас жігіт қаланың оң жақ жағалауындағы компьютерлік клубта жұмыс істейтіні белгілі болды.
Мекемедегі вип-бөлмеде бейнебақылау камерасының істемейтінін білген қаскүнем қылмыстық оймен, 300 мың теңге тұратын Sony PlayStation 5 приставкасын алып кеткен.
Жігіт ұрланған консольді ломбардқа өткізіп үлгерген. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





