Елордада синтетикалық есірткі сақтау дерегі әшкереленді
© Фото: Zakon.kz
Астанада есірткі заттарын сақтау және тарату күдігімен 21 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктіден жалпы салмағы 1 келіге жуық альфа-PVP тәркіленді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шетелде білім алып жүрген студент заңсыз жолмен табыс табуды көздеген. Жедел іс-шаралар барысында ол полиция қызметкерлерімен тексеру үшін тоқтатылған.
Жеке тінту кезінде оның күртесінің ішкі қалталарынан жасыл изолентамен оралған төрт ірі орама табылып, тәркіленді.
Орамалардың ішінде өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған қаптамалар болған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 500 грамнан асатын альфа-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.
Кейінгі іс-шаралар барысында күдіктінің тәуліктік жалға берілетін пәтер жалдап, онда осыған ұқсас қосымша есірткі партиясын сақтағаны белгілі болды.
Аталған пәтерден шамамен жарты келі есірткі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:52, 25 қараша 2026
Қазақстанда жәрдемақылар жойыла ма, әлде қайта қарала ма: 2027 жылдан бастап не өзгереді
-
11:33, 25 қараша 2026
Өскеменде танысына пәтер сатуға көмектескен ер адам кейін оның ақшасын ұрлап кеткен
-
11:29, 25 қараша 2026
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 50 іс қозғалып, бопсалаудың 440-тан астам дерегі анықталды
-
11:10, 25 қараша 2026
Археологтар 2200 жылдық сирек монеталар мен жоғалған дәуірдің іздерін тапты
-
10:45, 25 қараша 2026
Қостанайдағы екі су қоймасында су тасқыны туралы ерте хабарлау жүйесі енгізілуде





