Елордада шетел азаматтарына заңсыз құжат жасаған қылмыстық топ құрықталды

09:50, 20 қараша 2019

Шетелдік азаматтарға заңсыз құжат жасаған қазақстандық жалған компаниялардың басшылары қамалды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған. Ал заңсыз іспен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары Қытай азаматы мен еліміздің Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Олар 2015-2016 жылдары екі мыңдай шетел азаматына виза жасаттырып, шақырту жіберген. Комитет өкілдері түсірген мына көріністерден шетел азаматтары деп отырғанымыздың кімдер екенін жорамалдауға болатын сияқты. Қылмыстық топтың негізгі басшылары елордадан шыққан. Сондай-ақ, өңірлердегі көші-қон полициясы басқармаларының өкілдерімен де келісімде болған", - дейді телеарна тілшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!