Елорда тұрғындары мен алматылықтар 20 наурызда қай көшелерден аулақ болғаны жөн
© Фото: Zakon.kz
Наурыз мейрамы қарсаңында Sergek ITS сарапшылары Астана мен Алматы жолдарындағы көлік жүктемесін талдап, өткен жылдағы мәліметтер негізінде биылғы ықтимал жағдайға болжам жасады.
Екі қалада да көлік қозғалысы 20 наурыз күні айтарлықтай артады.
2024 жылы Астанада 20 наурызда пик сағаттарында орташа қозғалыс жылдамдығы төмендеген:
Таңғы қарбалас уақытта
- Бөгенбай батыр даңғылы (екі бағытта) -5–11%
- Тілендиев даңғылы (батыс) -6–12%
- Тұран даңғылы (солтүстік) -13%
Кешкі қарбалас уақытта:
- Қабанбай батыр даңғылы (оңтүстік) минус 12–15%
- Қорғалжын тас жолы (батыс) минус 10–15% (13:00-ден түнге дейін)
- Тұран даңғылы (солтүстік), Абылай хан даңғылы (батыс) 5–6% (15:00-ден бастап)
Алматыда 2024 жылғы 20 наурызда жол қозғалысы барлық дерлік көшелерде 19–36%-ға артқан. Әсіресе, сарапшылар ВОАД (солтүстік) және Әл-Фараби даңғылын (шығыс) ерекше атап өтті. ВОАД +36%. Әл-Фараби даңғылы +31%.
Пик сағаттарында қозғалыс жылдамдығы өзгермеген, көлік ағыны біркелкі таралып отырған.
"Биыл да дәл осы жағдай қайталануы ықтимал. Сондықтан Астана мен Алматы тұрғындарына жолға қосымша 15–20% уақыт қарастыру керек. Мерекені үйге жақын жерлерде атап өтіп, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз." Sergek ITS сарапшылары
2025 жылдың 17 ақпанында Алматыдағы "Сергек" камералары заң бұзушылықтың тағы бір түрін тіркей бастайтыны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:40, 9 желтоқсан 2025
«Қайрат» өз алаңында «Олимпиакосқа» есе жіберді
-
23:40, 9 желтоқсан 2025
“Қайрат” “Олимпиакосқа” есе жіберді
-
23:05, 9 желтоқсан 2025
БҚО-да бәліш арқылы тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды
-
22:45, 9 желтоқсан 2025
Қар, көктайғақ және жел: 10 желтоқсанда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:05, 9 желтоқсан 2025
Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті





