Елорда экологиялық саммитке дайындалуда
© Фото: unsplash
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Тараптар су ресурстарына қатысты іс-шараларды ұйымдастыру және бірлескен ұсыныстар әзірлеу мәселелерін пысықтауға келісті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстары саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бастамаларын іске асырудағы әлеуетті ынтымақтастық сөз болды.
Атап айтқанда, жиында келесі мәселелер талқыланды:
- тараптар Мемлекет басшысының БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру,
- Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су проблемаларын зерттеу орталығын құру,
- Орталық Азияның су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын әзірлеу туралы.
"Кездесу соңында министр Раднарагча ханымды Қазақстан Республикасының су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің Үйлестіру кеңесінің алдағы отырысына қатысуға шақырды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Шымкентте алаяқ әйелдің жоқ пәтерлерді жалға бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:26, 10 ақпан 2026
Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды – Мемлекет басшысы
-
12:22, 10 ақпан 2026
Қазақстан президенті білім саласындағы жүйелік мәселелерді көтерді
-
12:16, 10 ақпан 2026
Аймақтардың экономикасы тұрақты өсіп-өркендеп келеді, бірақ, шешімін таппаған мәселелер бар – Мемлекет басшысы
-
12:10, 10 ақпан 2026
Президент: Цифрлық трансформация кезінде жеке деректерді қорғау басты міндет
-
12:09, 10 ақпан 2026
Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек – Президент





