Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан Кипрдегі халықаралық турнирде бақ сынайды

19:10, 28 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

29 мамырда Кипрдің Лимасол қаласында жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting атты халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан Елизавета Матвеева қатысады.

Отандасымыз әйелдер арасында биіктікке секіруден сынға түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Елизавета Матвеева Қытайда өткен секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!