Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі елдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, бүгінде елімізде 3,5 мың бірлескен кәсіпорын және ресейлік капиталы бар 17 мыңнан аса компания жұмыс істейді.
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясының портфелі жалпы құны 52,7 миллиард долларды құрайтын 177 бірлескен жобадан тұрады. Осы арқылы 60 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.
Жобалар металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларында табысты жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Павлодар облысында теміржол саласындағы бағыттама бұрмаларын және тұтас илектелген дөңгелектер өндіруге арналған кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Ең ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы полипропилен өндірісі.
Қарағанды облысында бірлескен шина зауыты, Қостанай облысында шойын құймаларынан жүк көліктерінің бөлшектерін шығару жобасы іске қосылды.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізат өңдеуді дамыту бағытында жалпы сомасы 10 миллиард долларды құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда.
Аталған өндірістерді іске қосу жаңадан 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 28 мамыр 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: жеңіл көлік Газельді аударып жіберді
-
17:26, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путин Астанада емен көшетін екті
-
17:24, 28 мамыр 2026
Арина Малиновская нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
17:12, 28 мамыр 2026
Астанада «Қазақстан – Сириус» мектебі ашылады
-
17:07, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путинге Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды





