«Самұрық-Қазына» компаниясындағы қысқарту: қанша қаржы үнемделді

19:22, 28 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 28 мамырда ЕАЭО форумының кулуарында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компаниядағы кадрлық қысқартудың нәтижесі қандай болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қысқарту Астана қаласындағы өндірістік емес персоналдың 11%-ын қамтыған.

"Жыл сайын шамамен 5 млрд теңге үнемделеді. Сандық құрам бойынша бұл – шамамен 700 адам. Бұл қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға жұмсалады", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасы "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп, стратегиялық басқару жүйесін бағалағанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!