Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты
© Сурет: ktf.kz
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатындағы жолын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз алғашқы кездесуде (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Чехия өкілдері Джессика Малечкова мен Мириам Шкох тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ бастаманы өз қолына алып, маңызды ұпайларда қатесіз ойнады. 1 сағат 25 минутқа созылған матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.
Олар екінші айналымда Майя Джойнт (Аустралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) дуэтіне қарсы кортқа шығады.
Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, Парижде микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынайды. Бұл сында оның серігі америкалық Джей-Джей Трэйси болмақ.
Қазіргі уақытта Анна Данилина мен Юлия Путинцева – Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жарысында ел намысын қорғап жатқан соңғы теннисшілеріміз.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина екінші айналымда жеңіліп, турнирді мерзімінен бұрын аяқтаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:06, 28 мамыр 2026
Көкшетаудағы ЖЭО құрылысының мерзімі қайта қаралды
-
19:40, 28 мамыр 2026
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
-
19:33, 28 мамыр 2026
Әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
19:22, 28 мамыр 2026
«Самұрық-Қазына» компаниясындағы қысқарту: қанша қаржы үнемделді
-
19:10, 28 мамыр 2026
Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан Кипрдегі халықаралық турнирде бақ сынайды





