Білім министрлігіне техникалық білім беруді дамыту бойынша жаңа өкілеттіктер беріледі

12:37, 28 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасының мақсаты – бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру және көші-қон саясатын жетілдіру.

Құжатта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне, көші-қон және кәсіби біліктілік салаларына бірқатар өзгерістер енгізу көзделген.

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) саласында:

  • кәсіби біліктілік сертификаттарын еңбек шартын жасау кезінде тану;
  • Білім министрлігіне ТжКБ ұйымдары үшін міндетті модульдерді әзірлеу және бекіту өкілеттігін беру;
  • жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы.

Көші-қон саласында:

  • еңбек ресурсы артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару тәртібін айқындау;
  • ерікті қоныс аударуды ынталандыру арқылы еңбек мобильділігін арттыру;
  • еңбек делдалдығына бақылауды күшейту.

Кәсіби біліктілік бойынша:

  • Ұлттық біліктілік жүйесіне жергілікті атқарушы органдарды қосу;
  • аккредитация органдарын жұмысшылар өкілдерімен алмастыру.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бір техникалық университеттің таратылғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!