Тоқаев пен Путин келіссөздері: қол қойылған құжаттардың толық тізімі жарияланды
© Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 28 мамырда Ақорданың Telegram-арнасында Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында атом электр станциясын салуды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік экспорттық несие беру туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру мектебін және дарынды балалар мен жастарға арналған "Қазақстан – Сириус" орталығын құру және оның қызметі туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Омбы қаласындағы филиалында Ресей Федерациясының азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ресей Федерациясы Қаржы мониторингі федералды қызметі арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы бойынша ықпалдастық туралы Келісімге қосымша келісім;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық своп туралы екіжақты келісім;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- 9. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрліктері арасындағы көліктегі цифрландыруды дамыту саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- 10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау федералды қызметі арасында Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы федералдық қадағалау қызметі арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шаралар жоспары;
- "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Ресей темір жолы" АҚ темір жолмен жүк тасымалын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары.
Сондай-ақ сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК мен "TATMEDIA" АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен "Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы" Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 28 мамыр 2026
Қазақстанда циклон әсерінен жауын-шашын күшейеді
-
18:11, 28 мамыр 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: жеңіл көлік Газельді аударып жіберді
-
17:26, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путин Астанада емен көшетін екті
-
17:24, 28 мамыр 2026
Арина Малиновская нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
17:12, 28 мамыр 2026
Астанада «Қазақстан – Сириус» мектебі ашылады





