«Еліткіш газды» айналымға енгізетіндер үшін жаза күшейтіледі

15:22, 29 наурыз 2024

© Сурет: unsplash

Азаматтар түнгі клубтарда емін-еркін тұтынатын "еліткіш газды" пайдаланғандар мен саудалайтындарға жаза күшеймек. Ішкі істер митнистрлігі заң жобасын дайындап, Парламенттің қарауына жіберген.

Құжат әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. Қазір көпшілікке "шарик" атымен таныс есірткі затын пайдаланғандар әкімшілік жазамен құтылады.

Бұдан бөлек, "трамадолды" сатқандар, 2 таблетканы саудалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Егер күдікті дәрілік препараттың 10 грамымен қолға түссе, аса ірі мөлшерде есірткі затын сатты деп есептелінеді.

"Тұтынушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Олар құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады. 296 бабтың 1- тармағы бойынша айыппұл төлейді, есепке тұтынушы ретінде аламыз. "Дәрмек" деген арнайы іс-шара жүргізіледі тоқсан сайын. 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткіздік 43 медициналық жұмыскерді жауапқа тарттық." Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ есірткі қимылына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!