Еліміздің тарихындағы энеолит кезеңі туралы тың деректер табылды

21:26, 8 қыркүйек 2017

Ғалымдар соңғы кездері Алтай, Сауыр Тарбағатай таулары баурайында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін талқылады.  «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» деп аталатын халықаралық конференция дәстүрлі түрде өтетін болған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеу жұмыстары тарихтың құпия беттерін ашты.

Қазақстан тарихында енді Темірсу кезеңі бедерленетін болады. Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар тобы биыл Зайсан ауданында қола дәуірі мен ерте тас кезеңінен кейінгі 900 жылға созылған көне кезең белгілерін тапқан. Бұл тарихымызда ақтаңдақ болып келген энеолит кезеңі. 

Әбдеш Төлеубаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, археолог:

-Осы энеолиттің біз 500 ескерткішін тауып, құжаттадық және соның төртеуін арнайы зерттеп анықтадық. Энеолит дәуірі б.з.д 3 мың-2 мың жылдың басы.

Ресейлік ғалым Николай Боковенконың айтуынша, сақтар заманындағы мәдениеттің үлкен ошағы болып, Қазақ Алтайы саналады. Расымен де, Алтай тауының баурайындағы патшалар жазығында жүргізілген зерттеулер нәтижесі соған негіз дей аламыз. Ел археологтары орта ғасырдағы Қазақстанның соны бейнесімен тарих парақтарын қайта жаңартуға ден қойды.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:

-Келесі жылы негізгі бағытымызды Тарбағатай жаққа бұрамыз ба деп ойлаймыз. Өйткені Тарбағатайда сақтардың алғашқы қалыптасу кезеңінің ескерткіштері шыға бастады көп.

Өңірдегі археологиялық зеттеу жұмыстарына соңғы жылдары облыс қолдау көрсетіп келеді. Ал табылған жәдігерлер аспан астындағы мұражайлар қорында сақталмақ. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!