Еліміздің солтүстік өңірінде түлкілердің адамдарға шабуылдау фактісі тіркелді
© Сурет: pexels
Қостанай облысының прокуратурасы түлкінің адамдарға шабуылдауына байланысты жергілікті тұрғындарға жүгініп, мәлімдеме жасады. Адамдардан жануарларға жақындамау сұралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік прокуратура мәліметінше, жуырда жергілікті кәсіпорнының өндірістік аумағында жұмыс барысында қауіпсіздік қызметінің қызметкері жабайы жануарды байқайды. Қызығушылық танытып, жеке қауіпсіздік талаптарын елемей, ұялы телефонына түсірмек болғанда жабайы жануар агрессия көрсеткен.
"Аталған оқиға салдарынан зардап шегуші профилактикалық тексеру үшін Жітіқара аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінді. Медицина мамандары тексеру жүргізіп, барлық қажетті медициналық көмек көрсетті, сонымен қатар екпе салды. Ауруханаға жатқызу қажет болмады, зардап шеккен қызметкердің жағдайы тұрақты". Қостанай облысының прокуратурасы
Қазіргі таңда аудан аумағында жұмыс тобы құрылып, қызметін жүзеге асыруда. Жұмыс тобы құрамына жергілікті атқарушы орган, прокуратура, полиция бөлімі, ветеринарлық станция, ветеринарлық инспекция және аңшылық қоғамының өкілдері кірді. Тұрақты түрде 109 call-орталығы жұмыс істейді, ол азаматтардан, соның ішінде елді мекендерде жабайы жануарларды кездестіру жағдайлары бойынша өтініштер қабылдайды.
"2025 жылғы 8 қараша жағдай бойынша елді мекен аумағында жабайы жануарлардың пайда болғаны туралы 4 өтініш түсті. Барлық өтініштер жұмысқа алынып, уәкілетті органдардың бақылауына алынған. Құрметті азаматтар, жабайы жануарларды байқаған жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар және олармен байланыс орнатуға тырыспаңыздар. Осындай жағдайларды анықтаған кезде дереу 109 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз", делінген өңірлік прокуратура хабарламасында.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында аюлардың Риддер қаласының маңындағы елдімекендерде жиі төбе көрсете бастағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады





