Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдардың қай учаскелері жабылды
© Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты қандай жол учаскелері жабылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 18:30-дан бастап қатты аяз мен сынап бағанының күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесінде қоғамдық және дизель көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынады:
- "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер-Ботақара" тас жолы (231-324 км, Павлодар облысының шекарасы - Ботақара елдімекені);
- "Қызылорда - Павлодар" тас жолы (967-1135 км, Қарағанды қаласы - Павлодар облысы).
Қарағанды облысының ТЖД жол үстіндегі азаматтарға мынандай кеңес береді:
- дауылды ескертулер туралы синоптиктердің ақпараттарын жіті назарда ұстаңыз;
- үйден шыққан кезде термометр көрсеткішіне назар аударыңыз, ауа райы болжамымен танысыңыз;
- жылы киініңіз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- ұзақ жолға шығу жоспарынан бас тарта тұрыңыз;
- ұзақ жолға аяқ-асты шыққан жағдайда көліктің қысқы жағдайға сай келу-келмеуін пысықтаңыз;
- көлігіңізде отын мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры, кілт-сайман, сүйретуге арналған құралдар болуы тиіс;
- қозғалтқыш пен салонды жылылаңыз;
- киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры болуы тиіс.
Ең бастысы: туған-туыстарыңызға қайда бара жатқаныңызды, жолға шыққанызды алдын ала хабарлап, ескертуді ұмытпаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





