Елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес күшейді
© Фото: Zakon.kz
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция есірткі қылмыстарын тоқтату және азаматтарды, әсіресе жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алу жұмысын жалғастыруда.
Жыл басынан бері елде есірткіге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс анықталды. Көбінесе есірткіні сату, сақтау және интернетте жарнамалау қылмыстары кездеседі.
Полиция бірнеше жасырын зертхананы тауып, аса көп мөлшерде есірткі мен прекурсорларды тәркіледі. Жамбыл облысы. "Алматы – Екатеринбург" бекетінде Тея есімді қызметтік иттің көмегімен 18 келі гашиш тәркіленді.
Ұсталған адам есірткіні Шу ауданында жинап, Астанаға апара жатқанын айтты. Шымкентте 26 жастағы жүргізушіден Алматыдан әкелген 1 келіге жуық мефедрон табылды.
Солтүстік Қазақстан облысында 30 жастағы ер адамның көлігінен 600 грамнан астам a-PVP және мефедрон табылды. Ол есірткіні Астанадан Петропавлға жеткізген.
Қарағанды облысында екі адам ұйымдастырған зертхана анықталды. 52 келі a-PVP тәркіленді. Маңғыстау облысында екі адам ұсталды, оның бірі – студент. Олардан 250 грамм a-PVP табылды. Алматыда полиция екі бөлек есірткі тобын құрықтады.
Екі ер адамның көлігінен каннабис тобына жататын есірткі салынған бумалар мен таразы табылды.
Сондай-ақ олардың бірінің Астанадағы пәтерін тінту кезінде 8 келі гашиш тәркіленді. Бұдан бөлек, тағы бір есірткі сату тобы әшкере болды. Онда 20 жастағы есірткі жасырушы, 39 жастағы курьер және 37 жастағы қоймашы анықталды.
Олардан 280 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Ішкі істер министрлігі есірткіні тасымалдау, сақтау немесе заңсыз айналымға көмектесу – қылмыс екенін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 5 желтоқсан 2025
Президент: Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұр
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Тоқаев үкіметке жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын мұқият саралауды тапсырды
-
14:18, 5 желтоқсан 2025
Тоқаев Үкіметке шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел әзірлеуді тапсырды
-
14:14, 5 желтоқсан 2025
Биыл кәсіпкерлерге 2 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілді - президент





