Елімізде екі айда 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

16:01, 29 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Биыл екі айдың ішінде 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл туралы Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының өкілдері хабарлады.

Жалпы залал көлемі 4 млрд теңгеден асады. Жәбірленушілердің көбі онлайн сауда жасаймыз деп алданған, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы мың адам банктер мен құзырлы орган өкілдерінің атын бүркеніп хабарласқан алаяқтардың құрығына түскен.

Мұндай қылмысқа баратындардың көбі шетелдіктер, - дейді мамандар. Қазір басқа елде отырып алаяқтық жасайтындардың жолын кесу үшін арнайы жүйе құрылған.

Нәтижесінде, 44 миллионнан астам қоңырау тоқтатылыпты.

"2023 жылы интернет алаяқтық белгілері бар көрнеу, жалған ақпарат қамтитын 4258 метариал анықталды. Оның ішінде заңнама бұзу жөнінде шаралар қабылдау үшін онлайн платформаларға 738 материал бойынша 83 хабарлама жіберілді. Байланыс туралы заңда көзделген тәртіппен 3502 материалға қатысты министрліктің 263 нұсқамасы шығып, бұғаттау бойынша шаралар қабылданды." Мейірбек Әмірбекұлы, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма бастығы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!