Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

16:41, 1 қазан 2024

© Фото: pixabay

Қазір әлем бойынша 31 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істейді.

Атом станциясын негізінен дамыған елдер пайдаланады. Францияның тұтынып отырған электр энергиясының 69 пайызын АЭС беріп отыр.

Бұл көрсеткіш Бельгияда 50, Швецияда 31, Швейцарияда 28, АҚШ-та 19 пайыз, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы мәліметтер бойынша, ең қуатты АЭС АҚШ-та. 94 реактор бар. Францияда 56, Қытайда 56, Ресейде 36, Жапонияда 33 реактор энергияны өндіреді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!