Электронды үкімет пен ХҚКО жұмысында техникалық ақаулар болуы мүмкін

14:14, 11 қараша 2019

Электрондық үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) техникалық ақаулар болуы мүмкін. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ электр желісіндегі проблемаға байланысты egov.kz электрондық үкімет порталы мен "ХҚКО" ақпараттық орталығының жұмысында ақаулар болуы мүмкін", деп хабарлайды Facebook парақшасында.

Инженерлер жүйедегі ақауды реттеп, электронды базаның дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
- Қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз! - деп жазды ұйым.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!