Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды

10:46, 4 шілде 2024

© Сурет: akorda.kz

2024 жылғы 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімінен басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті отырысты аша отырып, бүгін Астанадағы саммитте ұйымды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданатынын атап өтті.


"Осыған байланысты Беларусь Республикасының Президентімен амандасқым келеді. Сіздің еліңіз қысқа мерзім ішінде ШЫҰ-ға толыққанды мүше болу жолында барлық қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына Беларусь Республикасын қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын". Қасым-Жомарт Тоқаев


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!