Электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы қалай есептеледі
© Фото: unsplash
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің (электрмен жабдықтау) шекті бағасын есептеу тәртібі жаңа редакцияда жазылды.
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасы тұтынушылар топтары бойынша сараланған бағалар ескеріле отырып есептеледі.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының тарифтерін жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай саралауды тиісті қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу үшін тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:
- 1-топ – электр энергиясын тауар өндіруге немесе сатуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге қатысы жоқ тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;
- 2-топ – электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерден басқа мақсаттарға пайдаланатын тұтынушылар;
- 3-топ – мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық инвестициялық холдинг, ұлттық компаниялар, сондай-ақ акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде ұлттық инвестициялық холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар.
Бұл топқа Ұлттық банк құрылымына кіретін ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы Ұлттық банкке тиесілі не оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар кірмейді.
Босату тарифі:
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аумағында орналасқан тұтынушыларға;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен оның ведомстволарына қарасты ұйымдарға;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолданылады.
Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге аталған тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдармен жасалған меморандумдар негізінде босату тарифінен 20%-ға дейін төмен электр энергиясы тарифін қолдануға рұқсат етіледі.
Тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларын есептеу кезінде бірінші топтағы тұтынушылар үшін электр энергиясының шекті бағасын өзгерту коэффициенті ескеріледі.
Бұл коэффициентті уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі мынадай факторларды ескере отырып айқындайды:
- тиісті өңір халқының төлем қабілеті;
- инфляцияға әсері;
- өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі;
- энергия үнемдеуді ынталандыру.
Бұйрық 2026 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 шілде 2026
Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
-
21:41, 30 шілде 2026
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
-
21:24, 30 шілде 2026
Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды
-
20:47, 30 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
-
20:31, 30 шілде 2026
Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





