Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Талдықорған қаласындағы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы алаңында "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін" жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеуметтік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған өзгерістер мемлекеттік басқарудың әділ, орнықты әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кең көлемді реформалар пакетінің басты ережелерінің бірі ретінде бір палаталы Парламенттің құрылуын тілге тиек етіп, бұл өз кезегінде институттардың жауапкершілігін күшейтіп, заңнамалық үдерісті жеделдете түсетінін айтты.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі азаматтардың тікелей таңдауы арқылы тағдыршешті өзгерістерді бекітуге бағытталған маңызды демократиялық қадам деп есептеймін. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – стратегиялық маңызы зор шешімдерді қабылдауға халықтың тікелей қалысуының тиімді тетігі", деп атап өтті Аида Балаева.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек жаңа жобаның әлеуметтік және құндылық тұрғысындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, адамдар Конституцияны қауіпсіздік пен әділдіктің іс жүзіндегі кепілдігі ретінде сезінуге тиіс.
"Референдумда таңдау жасау – өз тағдырың үшін әрі мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілік. Өйткені Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір отбасының да қорғаны", деп атап өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын еске салды.
Жаңа жобаны талқылау жиынына Мәжіліс депутаты Никита Шаталов, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, "Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысты.
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп жаңа Конституцияның маңызы мен мазмұны туралы ойымен бөлісті.
"Жаңа Ата заңның мазмұнында "Әділетті Қазақстан" идеясының арман-мұраты, мүмкіндіктері мен жауапкершілігі, сауалдары мен жауаптары көрініс тапқан. Ұсынылып отырған өзгерістердің терең мағынасы мен тарихи маңызын мен осыдан көремін", деп атап өтті ол.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова неке институтын конституциялық тұрғыда нығайту мәселесін көтеріп, мемлекеттің құқықтық және қоғамдық негіздерін нығайтудағы аталған нормалардың маңызын тілге тиек етті.
"Некені ер мен әйелдің еркін әрі тең құқылы одағы ретінде конституциялық тұрғыда бекіту қоғам тарапынан қолдау тауып отырған неке моделін жоғары заңдық күші бар норма ретінде бекітуге, мемлекеттік органдардың құқық қолдану және профилактикалық қызметі үшін бірыңғай бағдар қалыптастыруға, некеге мәжбүрлеудің кез келген формасына қатысты нөлдік төзімділікті қамтамасыз етуге, отбасы институтын ұзақ мерзімді орнықты қазақстандық қоғамның негізі ретінде нығайтуға мүмкіндік береді", деп түсіндірді Ж.Ысқақова.
Жетісу облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт Парламент атауының Құрылтай болып өзгеруі жайындағы бастаманың маңызы туралы айта келе, оның тарихи әрі рухани терең мәніне назар аударды.
"Біз де Парламенттің Құрылтай деп аталуы туралы бастаманы жай ғана атын ауыстыру емес, тарихи тамырымызға қайту әрі ұлттық бірегейлікті бекіту ретінде қараймыз. Бұл – біздің мемлекеттілік дәстүрлеріміздің жаңғыруы мен дамуы", - деді ол.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева жаңарған Ата заңның басты ережелеріне қатысты ойын білдіріп, мемлекеттің құндылықтық бағдарларын нығайту мәселесіне ден қойды.
"Әділдік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау Конституция деңгейінде тұңғыш рет бекітіліп отыр. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі Қазақстан халқы екені айқын жазылды. Басты идея – білімнің, ғылымның, мәдениет пен инновацияның, сондай-ақ адами капиталдың дамуына басымдықтың берілуі", деп атап өтті ол.
Кездесу соңында аймақтық актив тарапынан қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмысы бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың референдумға қатысуының маңызын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:25, 18 ақпан 2026
Семейде «Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған...» атты естелік тақта ашылды
-
20:57, 18 ақпан 2026
Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті
-
20:42, 18 ақпан 2026
Қос мектеп түлегі өздеріне тиесілі «Алтын белгіге» сотқа жүгіну арқылы қол жеткізді
-
19:41, 18 ақпан 2026
Норвегиялық шаңғышы қысқы Олимпиада ойындарының 10 дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты
-
19:27, 18 ақпан 2026
Прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтады





