20 ақпанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

19:10, 19 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 ақпанда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі

Ақтөбе облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Ақтөбеде қар, түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Өскеменде түннің бірінші жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. 20 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!