Гвардейск гарнизонынан шыққан шу: төрт басшы қызметінен кетті
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 18 ақпанда ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, әскери бөлімде бұдан басқа лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілді.
Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды.
"Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды", делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 16 ақпанда әлеуметтік желіде Отардағы мерзімді әскери қызметшінің ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның жақ сүйегі мен мұрны сынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 18 ақпан 2026
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». 19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:47, 18 ақпан 2026
Миланда кездесіп қалған Михаил Шайдоров пен Снуп Догг билей жөнелді
-
21:36, 18 ақпан 2026
Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады
-
21:25, 18 ақпан 2026
Семейде «Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған...» атты естелік тақта ашылды
-
20:57, 18 ақпан 2026
Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті





