Ел қоржынына қазақша күрестен үшінші алтын медаль түсті

18:17, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті. 52 келі салмақта өнер көрсеткен Назерке Азаматова финалда Өзбекстан балуаны Муродовадан басым түсіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов ел қоржынына екі алтын медаль салғанын хабарлаған болатынбыз.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтіп жатқан жарыстарда төрт салмақтағы ең мықтылар анықталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!