Экологиялық ахуалдың нашарлауы: ШҚО әкімі көпті алаңдатқан сұраққа жауап берді
© Сурет: ortcom.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев 2024 жылғы 9 желтоқсанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында экологиялық жағдайдың нашарлауына қатысты шағымданған Өскемен қаласының тұрғындарына жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкім бір түнде мәселені шешу мүмкін емес екенін, зауыттар жұмысын тоқтату тығырықтан шығу болып табылмайтынын айтты. Оның айтуынша, қала құраушы кәсіпорындар қалдықтарды тазарту бойынша барлық технологияны пайдаланады.
"Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындарда зиянды заттарды ұстап қалатын технологиялар орнатылған. Екінші жағынан, белгілі бір бөлшектердің, хлор диоксиді элементтерінің, күкірт шығарындыларын толықтай жою мүмкін емес", - деді Ермек Көшербаев.
Ол ауаның негізгі ластануы адам шашынан диаметрі 30 кіші микробөлшектермен байланысты екенін айтады. Бұл шаңның, күлдің, күйенің және жану затттарының қосындысы. Ауаны ЖЭО, жер үйлер мен автомобильдер ластайды.
"Жел жоқта Ертіс өзенінен туындайтын ылғалды ауамен араласқан бұл химиялық комбинациялар түрлі реакциялар тудырады. Салдарынан азаматтардың денсаулығы сыр беріп жатады, өйткені ауа бассейні қатты ластанғандықтан", – деді әкім.
Ермек Көшербаев қаладағы экологиялық жағдайға алаңдаулы азаматтардың наразылығы заңды екенін мойындады.
"Біздің өзіміз осы қалада тұрамыз, мен, менің орынбасарларым, барлық жұмысшылар, сондықтан өзіміз өмір сүріп жатқан қаланың жағдайы бізді де алаңдатады. Айыппұлдар саламыз, шамамен 3,5 млрд теңге, бұл айыппұлдардың барлығы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджетке келіп түседі", деп сөзін түйіндеді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 26 желтоқсан 2024
Қазақстандағы түскі саудада доллар бағамы көтеріле бастады
-
15:20, 26 желтоқсан 2024
Контрабандистер Қазақстаннан Өзбекстанға шекарадағы тоннель арқылы жанармай тасымалдаған
-
15:09, 26 желтоқсан 2024
СҚО-да астан уланып қайтыс болған екі баланың анасы әділдік іздеп жүр
-
14:57, 26 желтоқсан 2024
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
-
14:49, 26 желтоқсан 2024
Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы не белгілі