Екі жасар қыздың қолы жол апатынан жұлынып кетті

11:09, 18 сәуір 2019

Қостанай облысындағы жол-көлік оқиғасынан екі жасар бала жараланды, ол санавиацияның көмегімен Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz Тобол Инфо-ға сілтеме жасап.

13 сәуірде Арқалык — Торғай тас жолында жол апаты орын алды. Жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие болмай, машине кюветке ауып, аударылып қалған. 2017 жылы туған жолаушы, қыз баланың қолы жұлынып кетті.

Қостанай облысы әкімдігінің облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың сол қолына шынтақтан бастап ампутация жасалғанын растады.

– Бала шұғыл түрде санавиациямен балалар ауруханасына жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда, – деді баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!