Екі өңірден есірткі зертханасы желілері анықталып, күдіктілер Алматыда ұсталды

14:09, 25 қаңтар 2025

© Сурет: pexels

Қарағанды облысының полиция департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі 2025 жылы 25 қаңтарда хабарлады:

"Аталған қылмыстық істің аясында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы Асыл ауылында есірткі зертханасы жойылды. Оқиға орнынан 200 келіге жуық есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтар табылды. Операция барысында Алматы қаласының тумалары 25 пен 29 жас аралығындағы ерлі-зайыпты ұсталды".

Кейінгі жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында есірткі зертханалары желісін ұйымдастырушы - Теміртау қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды.

"Күдіктіден ноутбук, таразы, күнделіктер және қылмыстық желінің қызметін үйлестіру үшін пайдаланылған 21 ұялы телефон тәркіленді". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу нәтижесінде күдіктінің Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан бес есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар екені анықталды.

"Олардың ішінде 2024 жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласында жойылған зертхана, онда 10 кг дайын синтетикалық есірткі мен бір тоннадан астам прекурсор тәркіленген, сондай-ақ 2023 жылдың маусым айында Қарағанды облысының Ақтау ауылында жойылған зертхана бар. Барлығы бес адам қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушыларын анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда", деп нақтылайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда өңірлерге таратылмақ болған ірі есірткі партиясы тәркіленгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!