Дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрама тізіміне өзгерістер енгізілді

19:01, 30 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Париж қаласында (Франция) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін алдын ала тізімге Әбиба Әбужақынова енген еді. Ал жаңартылған тізімге зер салсақ, "Үлкен Дулыға" турнирінде ел намысын 12 ер спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей:

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай

Айта кетейік, турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!