Арина Соболенко Рыбакинаның күшін бағалады

09:32, 30 қаңтар 2026

© Сурет: Instagram/arynasabalenka

Әлемнің бірінші ракеткасы Беларусь теннисшісі Арина Соболенко әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина жайлы жеке пікірін білдіріп, соққыларының күшін бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz ақпаратына сүйенсек, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы келесідей пікір білдірді.

"Оның ауыр, терең, жалпақ соққылары бар, оларға қарсы тұру оңай емес. Екеуміздің бай тарихымыз бар, керемет теннисші, ол екеуміз көптеген керемет шайқастар, көптеген финалдар өткіздік. Мен оның күшіне қарсы тұруды асыға күтемін", – деді Соболенко баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Соболенко 31 қаңтарда Австралия-2026 ашық чемпионатының финалында Рыбакинамен ойнайды.

Бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен өзара бақ сынасып, басым түскенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!