Australian Open: Рыбакина екінші рет чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігіне ие болды
© Сурет: olympic.kz
Теннистен Австралия ашық чемпионатының 12-ші ойын күні Қазақстан әйелдер құрамасы үшін өте сәтті өтті. Анна Данилинадан кейін Елена Рыбакина да турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен өзара бақ сынасты.
1 сағат 40 минутқа созылған матчта Рыбакина 6 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Пегула 2 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Есеп: 6:3, 7:6 (9:7).
Енді Елена Рыбакина финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты өзара сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен (6:2, 6:3) жеңген болатын.
Рыбакина мен Соболенко кездесуі 31 қаңтарға жоспарланған.
Бұған дейін Анна Данилина да финалға шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 29 қаңтар 2026
«Уақыт келді!». Димаш маңызды мәлімдеме жасады
-
22:02, 29 қаңтар 2026
Жұмада Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:14, 29 қаңтар 2026
Аида Балаева: Конституциялық реформа – ел дамуының әділдік пен заң үстемдігіне негізделген жаңа моделі
-
20:46, 29 қаңтар 2026
Заң, әділеттілік және тәртіп: жаңа Конституцияда қандай құндылықтар басшылыққа алынған
-
20:32, 29 қаңтар 2026
Ақтауда теңіз жағалауынан әйелдің денесі табылды





