Алматыда көші-қон тәртібін бұзған 21 шетел азаматы елден шығарылды
© Сурет: polisia.kz
Алмалы ауданында өткен үш күндік іс-шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының 141 бұзушылық дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ішінде 21 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, тағы 25 адам жеке басын анықтау және әрі қарайғы қарау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Тексеру нәтижесінде шетел азаматтарының елде болу тәртібін бұзуы, заңсыз еңбек қызметімен айналысуы, сондай-ақ шетелдіктердің елде заңды болуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптың жауапкершілігіне қатысты деректер анықталды. Бұдан бөлек, тіркеусіз және құжатсыз тұру жағдайлары тіркелді.
Атап айтқанда, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтарының тобы анықталды. Жеке басы анықталғаннан кейін олар жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды. Қазіргі уақытта аталған тұлғаларды жұмысқа тартқан жұмыс берушіні жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Сонымен қатар іс-шара аясында алименттік міндеттемелерді орындаудан жалтарып жүрген азаматтар да анықталды.
"Аудандық жедел-профилактикалық тексерулер – жоспарлы әрі кезең-кезеңімен жүргізілетін жүйелі жұмыс. Біз қаланың аудандарын біртіндеп қамтып, көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтаймыз және шетел азаматтары мен қабылдаушы тараптың әрекеттеріне құқықтық баға береміз. Негізгі мақсат – тәртіп орнату және алдын алу, бұл біржолғы шаралар емес", – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:31, 30 қаңтар 2026
Алатауда түзеу мекемесі басшысының экс-орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды
-
19:22, 30 қаңтар 2026
ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өтті
-
19:07, 30 қаңтар 2026
Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады
-
19:01, 30 қаңтар 2026
Дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрама тізіміне өзгерістер енгізілді
-
18:25, 30 қаңтар 2026
Маңғыстауда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзі өңірлік зиялы қауыммен талқыланды





