ІІМ Шымкенттегі клубтың бірінде жүздеген көңіл көтеретін газ баллондарын тәркіледі
© Сурет: ҚР ІІМ
Шымкенттегі бір түнгі клубта ІІМ қызметкерлері жүздеген көңіл көтеретін газ баллондары бар қойманы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметі бойынша, аталған мекемеде "смешариктер" деп аталатын газды сату жүйелі түрде жүргізілген.
Жыл басынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.
Олардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, "күлкі газы" деп аталатын белгілі азот тотығы да бар. Биылғы жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтап, жолын кесті.
Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнімді жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған.
Тиісті сараптама тағайындалды. ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертрді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған.
Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тыйым салынған заттардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:34, 30 қаңтар 2026
Жерге өте ұқсас: ғалымдар «өмір сүруге қолайлы» планетаны анықтады
-
11:25, 30 қаңтар 2026
«Қайрат» ойыншыларының «Арсеналға» қарсы ойынына баға берілді
-
11:13, 30 қаңтар 2026
Ғалымдар бір-бірін «есім» арқылы шақыратын тіршілік иелерін анықтады
-
11:01, 30 қаңтар 2026
Шығыс Қазақстанда парақор шенеуніктерге қатысты тергеу жүргізілуде
-
10:57, 30 қаңтар 2026
Мұхит түбіндегі тосын құбылыстар ғалымдарды алаңдатып отыр





