Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрермендерсіз өтеді
© Сурет: gov.kz
2024 жылы 12 қыркүйекте Мәдениет және ақпарат минстрлігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты қай арада өтетінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат министрлік сайтында жарияланды.
"2024 жылғы 13 қыркүйекте сағат 16:00-де Мәдениет және ақпарат минстрлігінің ұйымдастыруымен "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтеді".
Ал ойынды ұйымдастырушылар аталған салтанатты шараның көрермендерсіз өткізелтінін нақтылады.
"V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйек күні аяқталады. Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты, жабылу рәсімі хаттамалық форматта және көрерменсіз өтеді. Шараны қазақстандық жетекші телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады. Ойындардың жабылу салтанатына билет сату туралы ақпарат тарағанын ұйымдастырушылар назарға алып отыр. Осы орайда, жабылау рәсіміне билет сатылып жатпағанын ресми түрде хабарлаймыз. Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналады. Азаматтарды абай болуға шақырамыз. Өтініш, күмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар. Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортышылар қатысады. Ал көрермен жинау мүлде көзделмеген", – дейді ұйымдастырушылар.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары және танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Гүлсім Мырзабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Марат Айтымбай, Мади Сыздықов және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.
Бұдан басқа, "Наз" мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, "Қамбарқан" фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және "Меломен" тобы қатысады.
Айта кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қатысушылар 21 спорт түрінен сынға түсуде. Этноауылда апта бойы күнделікті 100-ге жуық мәдени шара өтуде. Ал бүгін Ұлттық музейде ғылыми бағдарлама аясында "Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараға 12 елдің жетекші мамандары қатысты.
Бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші күннің қорытындысы бойынша да Қазақстан жеңімпаздар кестесінде көш бастап тұрғаны хабарланған. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 30 желтоқсан 2024
Австралиядан пошта арқылы елімізге жеткен үрлемелі матрастан ірі көлемде марихуана табылды
-
21:27, 30 желтоқсан 2024
Астанада 31 желтоқсанда қандай мерекелік іс-шаралар өткізіледі
-
21:12, 30 желтоқсан 2024
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли маңызды ақпаратпен бөлісті
-
21:03, 30 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты кезінде зардап шеккен Әзербайжанның үш азаматы Ақтау әуежайына жеткізілді
-
20:49, 30 желтоқсан 2024
Қаңтарда ҰБТ тапсыратындарға құлаққағыс: Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады