Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

17:15, 26 желтоқсан 2025

© Сурет: olympic.kz

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында өткен жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Кон Джон Суинді жеңді.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:17, 21:18).

Шешуші кезеңде Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданмен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!