Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

17:41, 22 мамыр 2024

© Фото: zakon.kz

Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Аргентина, Уругвай, Мексика, Венесуэла және Испаниядан Dears құрған қазақстандық әртістің "Димаш үшін бірге" жанкүйерлер тобы Аргентинадағы орман өрттері сияқты табиғи апаттардан зардап шеккен жерлерде ормандарды қалпына келтірумен айналысатын Патагония достарының қауымдастығы үшін Солтүстік Аргентинадан 300 ағаш сатып алды.Димаш Құдайбергеннің OMIR туындысынан шабыттанған Dears:

"Біздің өмір жолымызда кездескен әрбір адамның өзіндік орны бар. Біз табиғаттың ең құнарлы бөлігі жер сияқтымыз. Кейбір адамдар басқалардың жүрегінде гүлдеген махаббат дәндері сияқты. Олар өне бойларына сұлулықты, сүйіспеншілікті, мейірімділік және нәзіктікті сіңіре білген. Димаштың дауысы – бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізді сүюге, бейбітшілік орнатуға және ғаламшарымызды әрқайсымыздың үйіміздей күтуге шақыратын тамаша хабар" , - деп барлығын бірігуге шақырды.

OMIR жобасының алғашқы қадамы Акамбуко – Сальта – Аргентина табиғи қорығына 300 ағаш жөнелтумен басталды.

Бұл қорық Аргентинаның солтүстігіндегі өсімдіктің әр түрі өсетін (субтропикалық джунгли) Сальта провинциясында орналасқан. Quina Colorada, Urundales, Robles Criollos, Lanzas Blancas, Simaras, Pacaras және Horcos Cebiles сияқты ағаш түрлері Акамбуко қорығының питомнигінің жұмысы арқылы алынды. Бұл бастама кейінгі жылдары өрт салдарынан зардап шеккен өңірдің биоалуантүрлілігін қалпына келтірудегі елеулі қадам болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!