Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды.
Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.
Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген. Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 28 маусым 2024
Алматыда 40 жыл бұрынғы құбырдың ауыстырылуына байланысты көшеде көлік қозғалысы үш айға шектеледі
-
13:33, 28 маусым 2024
Атырау облысында өтемақы төлеу жұмыстары аяқталуға жақын
-
13:19, 28 маусым 2024
Алматы ботаникалық бағы тағы да уақытша жабылады
-
13:03, 28 маусым 2024
Сәуле Әбілдаханқызы: Президент БАҚ пен биліктің бірлесе атқарар жұмысын тайға таңба басқандай айқын көрсетті
-
12:51, 28 маусым 2024
ОСК басшысы атом электр стансаларын салу бойынша референдумға кеткен шығындар туралы