Астанадағы Ұлы Дала даңғылының тағы бір бөлігі жөндеуге жабылады

12:20, 24 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Маусымның 24-і мен 25-і аралығында Ұлы Дала даңғылының бойындағы Мәңгілік Елден Жошы ханға дейінгі жол бөлігі толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 12:20

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады, оның ішінде Ұлы Дала даңғылы - А.Бөкейхан көшесінің қиылысы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бұған дейін Сарыарқа-Жангелдин қиылысы толығымен жабылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!